Ресей паралимпиадашылары Бейжіңдегі қысқы ойындардан шеттелді

©РИА Новости

Ресейдің паралимпиадашылары Бейжіңде өтетін қысқы Паралимпиада ойындарына қатыса алмайды. Халықаралық паралимпиада комитеті (ХПК) бүгін Ресей мен Беларусь елінің спортшылары Қытай жерінде өтетін бәсекеге қатыса алмайтынын хабарлады, деп жазады "Чемпионат" порталы. 

ХПК баспасөз қызметі көптеген ұлттық комитеттер, командалар және спортшылар ресейліктерге және беларусьтермен жарысудан бас тартқанын айтты. Осыған байланысты Паралимпиаданың өтуі де күмәнді болған. 

Сонымен қатар, олимпиадалық қалашықта да атмосфера бұзылған. Осы жәйттің барлығын назарға ала отырып, ХПК Ресей мен Беларусь елінің спортшыларын жарыстан шеттетті. 

Айта кетейік, бұған дейін ХПК бұл елдің өкілдерін бейтарап спортшы ретінде қатыстырғысы келген. Бірақ енді тіпті қатыстырмайтын болды. 

Еске салайық, Паралимпиада ойындары 4 және 13 наурыз аралығында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар