Паралимпиаданың қазақстандық тұңғыш чемпионы Токиода жүлдесіз қалды

©instagram.com/kazparalympics

Қазақстандық Зульфия Ғабидуллина Токио Паралимпиадасындағы жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін, 3 қыркүйекте ол арқамен 50 метрге жүзуде (S4) соңғы, сегізінші болып келді (1:21.90).

Еске  алайық, кеше ол 50  метрге еркін  стильде жүзуде де сәтсіз өнер көрсетті.

Ғабидуллина 2016 жылғы Паралимпиада мен 2018 жылы Паразия ойындарында еркін стилде алтын алған еді. Ол Паралимпиаданың қазақстандық бірінші чепионы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар