Паралимпиадада Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте қай орынға жайғасқаны анықталды

©Olympic.kz

Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағаттарда қазақстандық спортшылар Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Паралимпиададағы барлық жарыстардың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте Аустралия және Швейцариямен бірге 17-орынға жайғасты. Қытай командасы – (18 алтын, 20 күміс және 23 қола) бірінші орында, Украина – (11, 10, 8) екінші орында, ал Канада (8, 6, 11) үздік үштікті түйіндеді.

Еске сала кетейік, Бейжіңдегі Паралимпиадада Александр Герлиц Қазақстанға жалғыз медаль әкелді. Ол парабиатлоннан түрегеп сырғанауда қола жүлдегер атанды.

Ал жалпы бұл бәсекеде Қазақстанның атынан бес спортшы – Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Ербол Хамитов, Денис Петренко мен Юрий Березин өнер көрсетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар