auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Паралимпиада ойындарында алтын медаль алған қазақстандық спортшыға пәтер беріледі

Сондай-ақ 2017 жылы спортшы Кирилл Остапенкоға да көмек көрсетілген.

Паралимпиада ойындарында алтын медаль алған қазақстандық спортшыға пәтер беріледі
© REUTERS
Қостанай облысында Паралимпиада жеңімпазы Александр Колядинға пәтер сыйлайды, - деп хабарлайды "Наша газета". Бұл туралы 19 наурызда өңір басшысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жиналысында айтты.

Пхенчхандағы Паралимпиада ойындарында бір жарым шақырым спринтте алтын медальді жеңіп алған шаңғышыны бірнеше күннен соң туған жерінде салтанатты түрде күтіп алады. Әкімдіктегілер жергілікті бюджеттің арқасында 2015 жылы Александрдың тірсегіне протез салып берген. Ол соның арқасында спортпен айналысуды белсенді түрде дамытқан. Мұндай протез 1,9 миллион теңге тұрады. Биыл осы протезді алмастыруға да қаражат қарастырылған.

Сондай-ақ 2017 жылы спортшы Кирилл Остапенкоға да көмек көрсетілген.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Александр Колядиннің басқаларға позитивті мысал бола алатынын айтады. Мүгедектерге спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын құруға мүмкіндік жасау керектігін айтады.

2018 жылы 14 наурызда Александр Колядин қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан тарихында тұңғыш рет алтын медальді жеңіп алды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу