Паралимпиада
3 қыркүйек 2021 19:39

Паралимпиада Қазақстан туын ұстаған спортшы Токиода жүлдеден қағылды

©instagram.com/kazparalympics/

Паралимпиадада Қазақстан туын ұстаған таеквондошы Нұрлан Домбаев Токиода үшінші орын үшін жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қола жүлде үшін айқаста қазақстандықтың қарсыласы аргентиналық Хуан Саморано болды. 75 келіге дейінгі ширек финалда Нұрлан оны жеңген болатын, алайда, осы жолы соңғы секундтарда есе жіберіп алды - 12:13.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport