Паралимпиада жүлдегеріне пәтер мен 5 миллион теңге сыйақы берілді

©Zakon

Бейжіңдегі Паралимпиаданың қола жүлдегері Александр Герлицке бес миллион теңгенің сертификаты мен пәтер берілді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қазақстан құрамасының мүшесі Бейжіңдегі Ақ ойындарда құрама қоржынына жалғыз жүлдені салған еді.

"Паралимпиаданың күміс жүлдегері Александр Герлицке облыс әкімі @qumaraqsaqalov бес миллион теңгенің сертификаты мен пәтер кілтін табыстады," - деп жазады "Ноовсти Петропавловска" басылымы. 

Еске салайық, қазақстандық спортшы Паралимпиадада биатлон бәсекесінде қола жүлде иеленгені үшін 75 мың АҚШ доллар сыйақы алады.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар