Паралимпиада жүлдегерлеріне пәтер мен су жаңа көлік кілттері табысталды

©instagram.com/kazparalympics/

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Токио Паралимпиадасының жүлдегерлерін марапаттады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Күміс жүлде алған парадзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатинаға пәтер мен көлік кілттері табыс етілді.

Сонымен қоса, парадзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Жандос Қияновқа төрт миллион, ал жарысқа қатысқан спортшыларға миллион теңгенің сертификаттары табысталды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар