Паралимпиада
30 наурыз 2018 16:38
 
Паралимпиада жеңімпазына пәтер, көлік және миллион теңге берілді

  Пікірлер

blog.share

Паралимпиада жеңімпазына пәтер, көлік және миллион теңге берілді Александр Колядин. © Reuters

Пхенчхандағы Паралимпиада ойындарында Қазақстаннан тұңғыш алтын жүлде алған спортшы Александр Колядинге Қостанайда құрмет көрсетілді, - деп хабарлайды Alau.kz.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Колядинге көліктің кілтін табыс етті, сондай-ақ облыс орталығыннан үш бөлмелі пәтер және бір миллион теңге берді. 

"Бүгін таң азанымен Александрды әуежайдан күтіп алдық. Бүгін оны ұлықтаймыз. Бұл оның тарапынан жасаған нағыз ерлігі. 1997 жылы Александр жарақат алған. Көп адамдар мұндайдан кейін өз-өзіне келе алмай жатады. Алайда Александр өмірдің сынағына төтеп беріп, жаттығуын жалғастырды. Менің ойымша, Жаратушы оның ерен еңбегі үшін осындай бақ берді", - деді Мұхамбетов. 

45 жастағы шаңғышы Колядин Пхенчханда өткен қысқы Олимпиада ойындарында алтын медальді иеленді. Мемлекет тарапынан ол 250 мың доллар алады. 

Жарнама

Живи спортом!