Паралимпиада
4 ақпан 2020 10:03
 
Мүгедек спортшы Токио Ойындарына қатысу үшін курьер болып ақша тауып жүр

  Пікірлер

blog.share

Мүгедек спортшы Токио Ойындарына қатысу үшін курьер болып ақша тауып жүр © kaz.tengrinews.kz коллажы

Ресейлік паратриатлоншы Михаил Асташов Токиода өтетін Паралимпиада ойындарына баруға ақша жинау үшін тамақ жеткізу сервисіне жұмысқа кірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Baza Telegram-каналына сілтеме жасап.

Тұрғындар Асташовты Екатеринбург көшелерінен байқап қалған.

"Мутко против" Telegram-каналының мәліметі бойынша, параспортшы спорт министрлігінен қолдау болмаған соң, 2020 жылы тамыз-қыркүйекте өтетін XVI Паралимпиада ойындарына қатысу үшін өзі ақша жинап жатыр екен.

2019 жылы қарашада Асташов Мемлекеттік Дума депутаты, бұрынғы биатлоншы Антон Шипулиннен Ойындарға қатысу үшін 350 мың рубль бөлуді сұраған.

Свердловск облысының спорт министрі Леонид Рапопорт justmedia.ru порталына берген сұхбатында жағдайды шешіп жатқанын айтқан еді.

Ал "Яндекс.Еда" баспасөз қызметінде Асташовтың 2 ақпанда жұмысқа тұрғанын растады.

Михаил Асташов 31 жаста, туғаннан бастап қолдары мен аяқтары жоқ. Спортқа 23 жасында келген. 2019 жылы қазанда паратриатлоннан Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алған.

Жарнама

Живи спортом!