1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Паралимпиада
Кеше 13:05
 

Мемлекет басшысы Паралимпиада чемпионын марапаттады

  Пікірлер

blog.share

Мемлекет басшысы Паралимпиада чемпионын марапаттады ©Аqorda

Ақордада ХІV Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов пен оның бапкерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Ақордада ХІV Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов пен оның бапкерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өткен әлемдік дода еліміз үшін өте табысты болғанына тоқталды. Ербол Хамитовтың жетістікке жету жолында оның бапкерлері де айрықша рөл атқарғанына назар аударды. 

– Нағыз чемпион атанып, еліміздің мерейін үстем етті, көк Туымызды биікте желбіретті. Бұл – қазақ параспорты үшін тарихи жетістік. Ербол қазақтың қайсар, өр рухты әрі намысты ұлт екенін күллі әлемге паш етті. Сондықтан, ең алдымен, саған және бапкерлерге шынайы ризашылығымды білдіремін. Паралимпиада ойындарына аттанар сәтте мен еліміздің көк Туын саған табыстадым. Сол артылған сенімді толық ақтап, Қазақстанға жеңіспен оралдың. Керемет нәтижеге жеттің! Соның арқасында еліміз командалық есепте 18-ші орынға табан тіреді. Үздіктердің ішінен алға шығып, чемпион болу оңай емес. Бұл – жылдар бойғы тынымсыз дайындық пен қажырлы әрі табанды еңбектің жемісі екені анық, – деді Президент.

Айта кетейік, жаһандық бәсекеде отандасымыз Ербол Хамитов алтын және қола медаль жеңіп алған болатын.

Мемлекет басшысы ХIV Қысқы Паралимпиада ойындарындағы (Италия) жоғары спорттық жетістіктері үшін Ербол Хамитовты III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

Туризм және спорт министрлігіне қарасты Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының жаттықтырушылары Василий Коломиец пен Антон Ждановичке «Парасат» ордені, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Үміт» мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт клубының жаттықтырушысы Аслан Тоқбаевқа «Құрмет» ордені табысталды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!