Тәуелсіз Қазақстан тарихында қысқы Паралимпиада ойындарында ең алғашқы алтын медальді иеленген Александр Колядиннің сынамасынан допинг табылды,- деп хабарлайды Vesti.kz.
47 жастағы спортшы мельдоний қолданған. Ол үш жылға - 2021 жылдың 13 қаңтарынан бастап 2024 жылдың 13 қаңтарына дейін спорттан шеттетілді.
Еске салайық, Колядин 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өткен қысқы Паралимпиада ойындарында классикалық стильдегі 1,5 шақырымдық спринтте бірінші орын алып, алтын медаль жеңіп алған еді.