Токио Паралимпиадасында алтын жеңіп алған қазақстандық парапауэрлифтер Давид Дегтярев Токиодан келгеннен кейін бірінші сұхбатын берді. Спортшының сөзін Yedilov Online телеграм арансы беріп отыр.
- Давид, алтын болады деп ойладыңыз ба?
- Бапкерімнің стратегиясы осыған жеткізу керек болатын.
- Жаттығу кезінде осы салмақты көтеріп пе едіңіз?
- Иә.
- Гонорарды қайда жұмсайсыз?
- Бұл құпия болып қалады.
- Енді немен айналыспақсыз?
- Біраз уақыт демалып, Парижге дайындаламыз.
- Бұл жеке рекордыңыз ба?
- Жоқ, бұл салмақты Тбилисидегі жарыста көтергенмін.
Еске салайық, Токио Паралимпиадасының алтыны үшін Дегтяревке 250 мың доллар сыйақы төленуі тиіс.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан қоржынына Паралимпиаданың үш жүлдесі түсті - пауэрлифтингте Давид Дегтярев алтын жеңіп алды және екі дзюдошы Ануар Сариев пен Теміржан Дәулет күміс жүлде иеленді. Сонымен қоса, тағы бір дзюдошы Зарина Байбатына финалға шығып, алтынға күреседі.