Қазақстандық Усольцев пен Хамитов Паралимпиададағы алғашқы жарысын өткізді

©olympic.kz

Қазақстандық парабиатлоншылар Сергей Уцольцов пен Ербол Хамитов Қытай астанасы Бейжіңде басталған Паралимпиададағы алғашқы жарыстарын өткізді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Биатлоннан отырып жарысудан 7,5 шақырымға спринт сайысында Сергей Уцольцев 22:00.9 уақыт көрсетіп, 15-орын алды. Ол екі ату айлағында да барлық нысанаға дәл тигізді. 

Ал Хамитов 22:20.6 уақыт көрсеткішімен 16-орынға жайғасты. Отандасымыз екі ату айлағында 7 мәрте қателесті. 

Бұл жарыста қытайлық Лю Дзи (18:51.5) бірінші орын алса, украиналық Тарас Рад (19:09.0) екінші орынға орналасты. Үздік үштікті тағы бір қытайлық Лю Минг Тао (19:33.3) түйіндеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар