Паралимпиада
13 наурыз 2022 13:26

Қазақстандық шаңғышылар Паралимпиаданың соңғы жарысын бесінші орынмен аяқтады

©Olympic.kz

Қазақстандық шаңғышылар Бейжіңдегі Паралимпиадада 4×2,5 жүйесі бойынша командалық эстафета жарысын аяқтады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Аталған жарыста Қазақстанның намысын Александр Герлиц пен Ербол Хамитов қорғады. 

Жарыстың қорытындысы бойынша отандастарымыз бесінші орынға жайғасты. Бұл эстафетада Украина құрамасы бірінші орын алса, Франция құрамасы екінші, Норвегия құрамасы үшінші орынға жайғасты. 

Осылайша, бүгін шаңғы жарысынан соңғы сайыстар да өтті. Эстафета аяқталғаннан кейін Қазақстан құрамасы бірден елге жол тартты. Сондықтан біздің елдің делегация жабылу салтанатына қатыспайды. 

Айта кетейік, Паралимпиаданың жабылу салтанатыны бүгін, 13 наурыз Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 17:20-да басталады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport