Қазақстандық Александр Герлиц Паралимпиадада тағы бесінші орын алды

©Reuters

Қазақстандық спортшы Александр Герлиц Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиадада 12 шарықымдық шаңғы жарысын аяқтады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Герлиц бұл жарыста топ жарған қытайлық Ван Шеняннан екі минуттай ұтылып, мәре сызығын бесінші болып кесті. Аталған сайыста франциялық Бенджамин Давье екінші орын алса, үздік үштікті қытайлық Цай Жиюн түйіндеді. 

Айта кетейік, жарыс барысында Александр осы сайыста фовариттердің бірі Марк Арендзті артта қалдырды. Канадалық спортшы биатлон сайысында сынға түсіп, күміс жүлде шаңғыда алтын алған еді. 

Еске салайық, Герлиц бұл Паралимпиадада осымен екінші мәрте бесінші орын алды. Осыған дейін ол спринтте бесінші сатыға жайғасқан. 

Ал биатлонда 10 шақырымдық жарыста отандасымыз қола жүлде иеленді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар