Паралимпиада
26 тамыз 2021 17:23

Қазақстан Токиода алтын жүлде жеңіп алды

Сурет: Reuters©

Қазақстан Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарда алғашқы алтын жүлде жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оны Давид Дегтярев 54 келі салмақ дәрежесінде парапауэрлифтингтен алды.

Қазақстандық паралимпиадашы бірінші мүмкіндігінде 170 келі, екіншісінде - 172, ал үшіншісінде - 174 келі көтерді. 

Дегтярев - 2021 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы. Сонымен қатар, ол 2018 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері және 2018 жылғы Азия пара ойындарының күміс жүлдегері.

Спорттың осы түрінен Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Алина Солодухина 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бесінші орын иеленді. Ең жақсы мүмкіндігінде ол 83 келіні көтере алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport