Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан Паралимпиадада Қазақстан құрамасы бірінші жүлдесіне қол жеткізді, деп сүйінші сұрайды Vesti.kz тілшісі.
Қазақстан құрамасының бірінші жүлдесін биатлоннан сынға түскен Александр Герлитц салды. Ол 10 шақырымға өткен жарыста үшінші орын алды. Герлитц 1:25.6 минут уақыт көрсетті. Отандасымыз жарыс барысында ату айлағында үш мәрте қателесті.
Бұл сайысты бірінші орында канадалық Марк Арендз алса, екінші сатыға украиналық Григорий Вовчинский жайғасты.