Қазақ дзюдошысының Паралимпиада финалындағы белдесуіне тікелей трансляция

Сурет: paralympic.kz

Бүгін қазақстандық дзюдошы Әнуар Сариев Токио Паралимпиадасының финалында белдеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.  

60 келіде Ануар алтын үшін Әзербайжан балуаны Вугар Ширинлимен белдеседі. Жеңілген жағдайдың өзінде қазақ спортшы күміс жүлдеге ілігіп тұр. 

Бұл белдесуді Qazsport көрсетеді. Трансляция телеарнаның сайтында да көруге болады. Басталуы 13:00-де.

Еске салайық, Қазақстан қоржынына Паралимпиаданың бірінші жүлдесін парапауэрлифтер Давид Дегтярев салды, ол алтын жеңіп алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар