Бүгін қазақстандық дзюдошы Әнуар Сариев Токио Паралимпиадасының финалында белдеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.
60 келіде Ануар алтын үшін Әзербайжан балуаны Вугар Ширинлимен белдеседі. Жеңілген жағдайдың өзінде қазақ спортшы күміс жүлдеге ілігіп тұр.
Бұл белдесуді Qazsport көрсетеді. Трансляция телеарнаның сайтында да көруге болады. Басталуы 13:00-де.
Еске салайық, Қазақстан қоржынына Паралимпиаданың бірінші жүлдесін парапауэрлифтер Давид Дегтярев салды, ол алтын жеңіп алды.