auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Біздің балуандар осал емес" - парадзюдо құрамасының бас бапкері Токио ойындары жайлы

"Біздің балуандар осал емес" - парадзюдо құрамасының бас бапкері Токио ойындары жайлы
Сурет Жандос Қияновтың жеке мұрағатынан

Тамыздың 24 жұлдызы мен қыркүйек айының 5 аралығы Токиода XVI Паралимпиада ойындары өтеді. Аталмыш турнирде Қазақстан атынан 26 паралимпиадашы 7 спорт түрі бойынша ел намысын қорғайды. Олардың арасында суда жүзу, дзюдо, пауэрлифтинг, таеквондо, жеңіл атлетика, каноэ және оқ ату спортының өкілдері бар. Осы орайда Қазақстан парадзюдо құрамасының бас бапкері Жандос Қиянов Паралимпиадаға дайындығы жайлы Vesti.kz тілшісіне пікірін айтты.

- Жандос мырза, Паралимпиада ойындарына дайындық қалай өтті?

- Токио Паралимпиадасына 7 спортшымыз лицензия алды. Осы уақытқа дейін жоспар бойынша жүйелі түрде оқу-жаттығу жиындарын өткіздік. Барлығы ойдағыдай болды. Паралимпиада жолдамасын 2018 жылдан бастап Гран-При турнирлері, Азия чемпионаттары мен әлем чемпионаты, сонымен қатар, Паралимпиада ойындарына лицензия беретін ұпай берілетін жарыстардың барлығына қатыстық. Сол жарыстарда алған ұпайлардың нәтижесінде Халықаралық зағиптар қауымдастығының рейтингі бойынша төртжылдықтың басты жарысына осы 7 спортшы жолдама алып отыр.

- Әнуар Сариев алғаш рет Рио ойындарында 7 орын алған болатын. Бұл жолғы бабы қалай?

- Қазіргі уақытта Әнуардың дайындығы жақсы. Сәтін салып жатса Риода кеткен есесін осы жолы қайтарады деп отырмыз. Бағы мен бабы қатар жанып жатса жүлде болып қалар.  Алдын ала тон пішпей-ақ қойайық. Қазіргі таңда бүкіл әлемде парадзюдо спорты қарқынды дамып келе жатыр. Біздің де спортшыларымыз осал емес. Токиоға жолдама алған қыз-жігіттеріміздің қай-қайсы болмасын өте жақсы дайындықтан өткен. Балуандарымыздың бабы жақсы. Әр спортшымыз еліміздің әнұранын шырқатып, туын желбірету үшін бар жиған тәжірибесін, бойындағы күш-қуатын, намысын және бар мінезін көрсетеді.

Еске салайық, Токио төрінде парадзюдо құрамасының сапында Жанбота Аманжол, Зарина Байбатина, Даяна Федосова, Әнуар Сариев, Дәулет Теміржан, Ғалымжан Смағұлұлы және Ерлан Өтеповтер жүлделі орындарды сарапқа салады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама