"Біздің балуандар осал емес" - парадзюдо құрамасының бас бапкері Токио ойындары жайлы
Тамыздың 24 жұлдызы мен қыркүйек айының 5 аралығы Токиода XVI Паралимпиада ойындары өтеді. Аталмыш турнирде Қазақстан атынан 26 паралимпиадашы 7 спорт түрі бойынша ел намысын қорғайды. Олардың арасында суда жүзу, дзюдо, пауэрлифтинг, таеквондо, жеңіл атлетика, каноэ және оқ ату спортының өкілдері бар. Осы орайда Қазақстан парадзюдо құрамасының бас бапкері Жандос Қиянов Паралимпиадаға дайындығы жайлы Vesti.kz тілшісіне пікірін айтты.

- Жандос мырза, Паралимпиада ойындарына дайындық қалай өтті?
- Токио Паралимпиадасына 7 спортшымыз лицензия алды. Осы уақытқа дейін жоспар бойынша жүйелі түрде оқу-жаттығу жиындарын өткіздік. Барлығы ойдағыдай болды. Паралимпиада жолдамасын 2018 жылдан бастап Гран-При турнирлері, Азия чемпионаттары мен әлем чемпионаты, сонымен қатар, Паралимпиада ойындарына лицензия беретін ұпай берілетін жарыстардың барлығына қатыстық. Сол жарыстарда алған ұпайлардың нәтижесінде Халықаралық зағиптар қауымдастығының рейтингі бойынша төртжылдықтың басты жарысына осы 7 спортшы жолдама алып отыр.
- Әнуар Сариев алғаш рет Рио ойындарында 7 орын алған болатын. Бұл жолғы бабы қалай?
- Қазіргі уақытта Әнуардың дайындығы жақсы. Сәтін салып жатса Риода кеткен есесін осы жолы қайтарады деп отырмыз. Бағы мен бабы қатар жанып жатса жүлде болып қалар. Алдын ала тон пішпей-ақ қойайық. Қазіргі таңда бүкіл әлемде парадзюдо спорты қарқынды дамып келе жатыр. Біздің де спортшыларымыз осал емес. Токиоға жолдама алған қыз-жігіттеріміздің қай-қайсы болмасын өте жақсы дайындықтан өткен. Балуандарымыздың бабы жақсы. Әр спортшымыз еліміздің әнұранын шырқатып, туын желбірету үшін бар жиған тәжірибесін, бойындағы күш-қуатын, намысын және бар мінезін көрсетеді.
Еске салайық, Токио төрінде парадзюдо құрамасының сапында Жанбота Аманжол, Зарина Байбатина, Даяна Федосова, Әнуар Сариев, Дәулет Теміржан, Ғалымжан Смағұлұлы және Ерлан Өтеповтер жүлделі орындарды сарапқа салады.
Жарнама