Бірінші жүлдеден кейін Қазақстан Паралимпиадада қай орынға жайғасқаны анықталды

©Reuters

Бүгін, 8 наурыз күні Қазақстан Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиада бірінші жүлдеге ие болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Оны биатлоннан 10 шақырымға сынға түскен Александр Герлиц алып берді. 

Осылайша, Қазақстан жүлдеге қол жеткізген 19 елдің қатарына қосылды. Қазір Қазақстан құрамасы Аустралия және Швейцариямен 17-орынды бөлісіп тұр. Бұл елдердің еншісінде де бір қола жүлдеден бар. 

Командалық есепте Қытай құрамасы бірінші орында. Төрт жарыс күнінен кейін бұл құраманың еншісінде алты алтын, сегіз күміс және он бір қола. Екінші сатыда Украина - 6-7-4 болса, үздік үштікті Канада құрамасы 5-2-6 түйіндеп тұр. 

Айта кетейік, қысқы Паралимпиада 13 наурыз күні аяқталады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар