60 миллионға жуық. Қазақстандық спортшының Паралимпиада қорытындысы бойынша сыйақысы айтылды

©instagram.com/kazparalympics

Қазақстандық спортшы Александр Герлиц Бейжіңдегі Паралимпиаданың 4×2,5 эстафетасында бесінші орынға жайғасып, мемлекеттен алатын сыйақысын арттыра түсті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Мемлекеттен Герлиц 75 мың доллардың биатлон сайысында қола жүлдеге қол жеткізгені үшін алады. 

Одан бөлек, ол шаңғы жарысында үш мәрте, биатлонда бір рет бесінші болып мәре сызығын кесті. Әрбір бесінші орын үшін Александр 10 мың долларға ие болады. 

Осылайша, отандасымыздың Паралимпиада қорытындысы бойынша алатын жалпы сыйақы көлемі 115 мың доллар немесе 59 миллион 225 мың болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар