auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

ІІІ Пара Азия ойындарында жүзуден Қазақстан екі бірдей алтын медаль еншіледі

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 2 алтын 5 күміс 6 қола медальмен жалпы есепте 12-орында келеді.

ІІІ Пара Азия ойындарында жүзуден Қазақстан екі бірдей алтын медаль еншіледі
© instagram.com/siyazbek_daliyev/
Индонезия елінің астанасы Джакартада өтіп жатқан ІІІ Пара Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны екі алтын медальмен толықты.

Жүзу спортынан Сиязбек Далиев пен Ержан Сәлімгереев жеңімпаз атанды. Сиязбек Далиев S5 категориясындағы спортшылар арасында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде үздік шықты.

Ержан Сәлімгереев 100 метр қашықтыққа еркін жүзуде (S6) бірінші орын алды.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 2 алтын 5 күміс 6 қола медальмен жалпы есепте 12-орында келеді.

Жүлделер саны бойынша Қытай құрамасы алда көш бастап тұр. 63 алтын, 28 күміс, 25 қола медаль еншілеген. Екінші орындағы Оңтүстік Кореяда 22 алтын 18 күміс 9 қола медаль бар. Үздік үштікті 15 алтын 7 күміс 3 қола жеңіп алған Өзбекстан құрамасы түйіндеп тұр.

Айта кетейік, ІІІ Азия пара ойындарына әлемнің 43 елінен, 3 мыңнан аса спортшы қатысуда. Қазақстаннан осы жолғы пара ойындарға рекордты көлемде спортшы аттанды. Атап айтқанда 9 спорт түрінен 91 спортшы Джакартаға барды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу