Жарнама

Қазақстандық ескекші рейтингтік турнир жеңімпазы атанды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық ескекші рейтингтік турнир жеңімпазы атанды ©ҚР СДД

Қытайдың Хэфэй қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден Лос-Анджелес Олимпиадасына рейтингтік Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына 4 медаль түсті, деп хабарлайды Vesti.kz ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байдаркамен 1000 метрге жарыста Ұлттық құрама спортшысы Стелла Суханова алтыннан алқа тақты. Ол финалда тәжірибелі жарыс қожайыны Цюй Нин (күміс) және Милана Душев-Яничті (Өзбекстан) басып озды.

Ал байдаркада 500 метрге аралас жұптық сында (микст) Артём Терещенко мен Ольга Шмелёва күміс жүлдеге ие болды.

Жүлдегерлер:

1. Қытай командасы 1:36.64 секунд
2. Қазақстан командасы 1:36.79 секунд
3. Өзбекстан құрамасы 1:38.13 секунд

Сондай-ақ каноэде әлем чемпионатының қола жүлдегері Мария Бровкова 500 метрге жарыста 3-ші болып мәреге жетті. Бас жүлде Қытай, күміс Вьетнам өкілінің еншісінде.

Каноэмен 1000 метрге жарыста Тимофей Емельянов пен Владислав Руденко жұбы үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстан командасы жарыстың алғашқы күнінде 1 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдеге қол жеткізді.

Биылдан бастап спорттың бұл түрінен құрлық чемпионаттары жаңа жүйеге, яғни Лос-Анджелес Олимпиадасына рейтингтік ұпай сарапқа салынатын форматқа көшті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!