Олимпиада ойындары қатарына қосылған брейк-данстан қазақстандық спортшы халықаралық жарыста жеңімпаз атанды

© Сурет: https://www.instagram.com/qazbreaking/

Қазақстандық спортшы Амир Закир брейк-данстан Бельгияда өткен халықаралық доданың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz брейкинг комитетіне сілтеме жасай отырып. 

Брейк-данстан JBL Unbreakable жарысына 30 елден астам құраманың спортшылары қатысты. Жарыс барысында отандасымыз Амир Закир финалда бельгиялық Майти Джиммиді басып озды.

Естеріңізге сала кетейік, брейк-данс ресми түрле олимпиада ойындары қатарына қосылды және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында сайыстың осы түрінен медальдар сарапқа салынады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар