Киберспорт 2022 жылғы Азия ойындарының бағдарламасына енгізіледі
©Kapital.kz
Киберспорт Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін 2022 жылғы жазғы Азия ойындарының негізгі бағдарламасына енгізілетін болады.
Азия олимпиадалық кеңесі киберспорттың 2018 жылғы Азия ойындарына (индонезиялық Джакарта мен Палембангта өтеді) қосылғандығы туралы хабарлады. Аталмыш ойындарға киберспорт көрсетілім ретінде қатыстырылады, ал 2022 жылғы доданың негізгі бағдарламасына енгізілетін болады.
Азия ойындары Халықаралық олимпиада комитетімен (ХОК) мойындалған және ауқымы жағынан Олимпиададан кейінгі екінші спорттық шара болып табылады. 2014 жылғы Азия ойындарына 45 ұлттық құрама, 10 мыңға жуық спортшы қатысты.
Қараша айында Халықаралық киберспорт федерациясының президенті Бен Хон Чжон Korean Times-қа берген сұхбатында оның алып отырған лауазымдағы мақсаты киберспортты олимпиадалық ойын ретінде мойындату екендігін атап өткен болатын. Бұған жауап ретінде ХОК баспасөз қызметі киберспортты Олимпиадалық ойындар бағдарламасына енгізу туралы айту әзірге ерте екенін мәлімдеді.
Кейіннен ХОК-тың спортшылар комиссиясының басшысы Анджела Руджеро киберспорт келешекте Ойындар бағдарламасына енуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Ханчжоуда жазғы Азия ойындары 2022 жылы 10-25 қыркүйек аралығында өтеді.

Жарнама