Другие
2 ақпан 2018 16:15
 
Қазақстанның қаңтардағы үздік спортшысы кім?

  Пікірлер

blog.share

Қазақстанның қаңтардағы үздік спортшысы кім? © "Астана" президенттік клубынан

Vesti.kz оқырмандарға "Қаңтардың үздік спортшысын" таңдауды ұсынып отыр. Бұл атаққа лайық жеті спортшыны ұсынып отырмыз - ол Алексей Полторанин, Дмитрий Рейхерд, Артур Ардавичус, Юлия Галышева, Жансай Смағұлов, Ислам Бозбаев және Дмитрий Шилов.

Алексей Полторанин

Қаңтарда Қазақстанның шаңғымен жарыс құрамасының көшбасшысы "Тур де Ски" көпкүндігіне қатысып, төртінші болды. Көпкүндік кезінде Полторанин классикалық стильдегі 15 шақырымдық масс стартын ұтты және жекелей жарыста екінші болды. 21 қаңтарда қазақстандық шаңғышы Польшаның Планица қаласында өткен Әлем кубогында классикалық стильдегі 15 шақырымдық жекелей жарыста жеңіске жетті.

Дмитрий Рейхерд

Қазақстандық могулшы Канаданың Калгари қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде екінші болды және АҚШ-тың Дир Валли қаласында күміске қол жеткізген. Сонымен бірге, Канаданың Мон-Трамбландында өткен жарыста үшінші орын иеленді.

Артур Ардавичус

"Астана" капитаны әлемнің ең экстремал жарысы "Дакар" ралли-марафонында жеңіс тұғырына қол созым жер ғана жете алмай қалды. Ардавичустың үштікке кіру мүмкіндігі бар еді, алайда, ол "Ивек" бойынша серіктесі Федерико Виллаграға көмектесемін деп уақыт жоғалтып алды. Осылайша, "Камаз-мастер" мүшесі Айрат Мардаевтың 16 минутқа қалып отырған уақыты бір сағатқа дейін жетті. Бұл 2012 жылға қола жүлдеден бергі қазақстандық спортшының үздік көрсеткіші.

Юлия Галышева

Канаданың Мон-Трамблан қаласында фристайлдан Әлем кубогының кезеңінің қол жүлдесіне қол жеткізді. 

Жансай Смағұлов

Қазақстандық дзюдошы Тунистегі Гран-Приде бірінші орыннан көрінді. 73 келіге дейінгі салмақта күресетін Смағұлов финалда Косос спортшысы Акил Кгожаковты иппонмен жеңген еді.

Ислам Бозбаев

Тунистегі Гран-Приде бірінші орын алған тағы бір дзюдошы. 90 келіге дейінгі салмақта күресетін отандасымыз финалда мажарстандық Кристин Тоттаны жықты.

Дмитрий Шилов

"Астана" жарысушысы "Дакарға" алғаш рет қатысып, квадроциклдер жарысында төртінші болды. Алғашқы кезеңіндегі айыппұлы болмағанда (2 ағат 20 минут), алғашқы үштіктен көрінері сөзсіз еді.

Айта кетейік, даус беру 10 ақпанда Астана уақыты бойынша 12:00-де аяқталады. Мына жерден дауыс бере аласыз.

Жарнама

Живи спортом!