Другие
12 шілде 2017 15:13
 
2024 және 2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындары қай қалада өтеді?

  Пікірлер

blog.share

2024 және 2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындары қай қалада өтеді?

Халықаралық Олимпиада комитеті Париж бен Лос-Анджелесті 2024 және 2028 жылдардағы жазғы ойындардың астаналары етіп бекітті.

Алайда, олардың қайсысы Олимпиаданы бірінші өткізетіні қыркүйекте анықталады. Аталған екі уақытта Олимпиаданы қабылдауға Гамбург, Будапешт және Рим қалалары да таласқан болатын. Алайда, соңғы тізімге Париж бен Лос-Анджелес қана кірді. Олар өтініштерін растады. Аталған екі қаланың қайсысы бірінші болып ойындарды өткізетінін өзара келісуі тиіс. Соңғы таңдау 13 қыркүйекте ХОК-тің 113-сессиясында болады.

Екі қала да бұған дейін екі реттен Олимпиада өткізген еді: Париж 1900 және 1920 жылдары, Лос-Анджелес 1932 және1984 жылдары. 2020 жылғы жазғы ойындар Токиода өтеді.

"Соңғы жылдары әлемдік беделді спорт додасын қабылдауға деген бәсеке күшейгенмен, оны өткізгісі келетін елдер саны азайды. Гамбург, Рим және Будапешт бұл жолы өз еріктерімен бас тартты. Ал 2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізуге бар болғаны екі ел таласты. Оның себебі – жарысты өткізудің аса қымбатқа түсетіні және тұрғындардың қарсылығы", – дейді ВВС спорт шолушысы Алекс Кэпстик.

Жарнама

Живи спортом!