Олимпиада-2020
19 тамыз 2021 15:20

Токиодағы Олимпиада чемпионының бапкері жол апатынан көз жұмды

Ли Кифер. Сурет: belta.by

АҚШ-тың семсерлесуден әйелдер құрамасының бапкері Энтони Лич мотоциклмен жол апатына ұшырап, көз жұмды, деп хабарлайды "Р-Спорт" жергілікті федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

62 жаста болған Линч рапирашыларды бес Олимпиадаға дайындаған, соның ішінде, Токиода оның тәлімгері Ли Кифер осы жарыс түрінен ел үшін тарихта бірінші рет алтын жеңіп алған еді. Биылғы Жазғы ойындарда америкалық рапирашылар командалық есепте төртінші болды. 

Лич 2013 жылы АҚШ-тың Семсершілер даңқ залына кірген болатын.