485aWbptJWqiQL4qniqmAj9e9qQPIuMmBXOokawz
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Токио Олимпиадасында Қазақстан туын ұстайтын спортшылар белгілі

Токио Олимпиадасында Қазақстан туын ұстайтын спортшылар белгілі
Сурет: titan24.com

Қазақстандық атақты спортшы, Лондон Олимпиадасының чемпионы, жазғы Олимпиаданың жүлделер жиынтығының толық иегері Ольга Рыпакова және бокстан ұлттық құраманың капитаны, әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев Токиода Қазақстан Олимпиада құрамасының Ту ұстаушылары ретінде таңдалды. 

Бұл туралы бүгін Ұлттық Олимпиадалық комитеті жариялады. Ту ұстаушыларды Қазақстан ҰОК Атлеттер комиссиясы ұсынған.

"Тарихи Токио Олимпиадасының басталуына бір айдан аз уақыт қалды. Сағына күткен Олимпиада ойындары өтеді және де оған Қазақстан мақтанышпен өзінің ең үздік спортшыларын аттандырады. Ең лайықтылары іріктелінді. Мен Ольга Рыпакованың Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстан Туын алып шығатынына қуаныштымын. Себебі, Ольганың арқасында көк байрағымыз Олимпиада көгінде бір емес, бірнеше рет желбіреді. Қамшыбек Қоңқабаев – қазақстандық спорттың күші мен шеберлігінің үлгісі, Олимпиада шаршы алаңында зор жауапкершілікке ие болған бокс құрамасының капитаны. Екі спортшы да қатарластарының алды, құраманың көшбасшылары және жас буынға үлгі. Қос атлетке және барлық олимпиадалық құрамға сәттідік тілеймін", - деді Қазақстан ҰОК басшысы Тимур Құлыбаев.

Ольга Рыпакова үшін Токиодағы Олимпиада оның спорт мансабындағы төртінші  Олимпиадасы болмақ. Ол үш қарғып секіру бойынша 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында күміс, 2012 жылы Лондонда алтын және 2016 жылы Риода қола медаль жеңіп алды.

Бұдан бөлек, Ольганың еншісінде Универсиадада алтыны және Азия ойындарының алты алтын медалі бар. Сондай-ақ, әлем чемпионы және 2010 жылғы құрлықтық кубогтің иегері.

Ольга Рыпакова:

"Олимпиада ойындарындағы Қазақстанға тиесілі он алты алтынының үшеуін әйелдер жеңіп алды. Жылдан-жылға спорттағы әйелдер саны артып, олар жаңа рекордтар орнатады деп сенемін. Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында еліміздің туы сеніп тапсырылғаны керемет әсер, сезімге бөлейді. Дәл осы миссияның маған ұсынылғанына және сеніп тапсырылғанына қуаныштымын".

Қамшыбек Қоңқабаев - бокстан Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының капитаны. Ол 2014 жылғы әскерилер арасында әлем чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін және 2017 мен 2019 жылғы әлем чемпионаттарының күміс жүлдегері. Токио Олимпиадасы 29 жасар қызылордалық спортшы үшін алғашқы Олимпиада ойындары болмақ.

 Қамшыбек Қоңқабаев:

"Токиодағы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында туды ұстап шығуды маған сеніп тапсырғаны үшін Қазақстан мен еліміздің спорт қоғамына алғыс білдіргім келеді. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік және үлкен мәртебе. Біздің құрамадағы көптеген спортшылардікі сияқты Токио Олимпиадасы менің спорт мансабымдағы алғашқы Олимпиада ойындары болмақ. Біз бұл Олимпиаданы өте ұзақ күттік және оның өтетініне өте қуаныштымыз. Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындалуға мүмкіндік жасағаны үшін біз президентімізге, мемлекетемізге және де Ұлттық Олимпиадалық комитетіне зор алғысымызды білдіреміз. Ендігі кезек бізде!".

Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 23-шілде Токио Олимпиада стадионында өтеді. Олимпиадалық команда Токиоға жіберілгенге дейін жаттығу базаларында кем дегенде екі апта карантинде болады. Команда Жапонияға 16-шілдеде аттанады. Қауіпсіздік пен денсаулықты қорғауды қамтамасыз ету үшін делегацияның рейстері "Air Astana" әуекомпаниясының чартерлік рейстерімен жүзеге асырылады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар
8 шілде, 16:49
Қазақша жаңалықтар
Токиода төтенше жағдай жарияланды Токиода төтенше жағдай жарияланды