Токио Олимпиаданы жеңілдетіп өткізу жолын қарастыруда

Сурет: RFI
Жапония коронавирус пандемиясына байланысты 2021 жылға шегерілген Олимпияда және Паралимпияда ойындарын оңтайландыру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бейсенбіде Токио губернаторы Юрико Коикэ журналистерге осылай мәлімдеді.

"Бізге ілгерлеу қажет, кей нәрсені оңтайландырып, жеңілдетіп дегендей. Мемелекет пен ұйымдастыру комитеті мұны қалай жасауға болатынын ойланады", - дейді ол NHK арнасындағы тікелей эфирде. 

Сонымен қатар, елдегі министрлер кабинетінің бас хатшысы Есихидэ Суга Олимпиаданы оңтайландыру туралы сұрақтан бұлтарып, Ойындар атлеттер мен көрермендер үшін қауіпсіз болу керек деп қана айтты. 

Еске салайық, Токиодағы Олимпиада ойындары 2021 жылы 23 шілде мен 8 тамыз аралығы өтеді деп белгіленген еді. 
Метки:
Жаңалықтар
23 маусым 2022, 13:27
Олимпиада
23 маусым Халықаралық Олимпиада күні