Олимпиада
9 қараша 2017 14:55
 
Тимур Құлыбаев Лозаннада ХОК-тың отырысына қатысты

  Пікірлер

blog.share

Тимур Құлыбаев Лозаннада ХОК-тың отырысына қатысты

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Лозанна қаласында (Швейцария) Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) қоғаммен байланыс, спорт арқылы әлеуметтік даму комиссиясының отырысына қатысты.

Аталған комиссия ХОК атқарушы комитеті мен президентін Олимпиадалық комитеттің сессияларын өткізу, әлемде спорт пен олимпизм рөлін насихаттау стратегиялары жөнінде кеңес береді. Сонымен қатар, комиссия олимпиадалық қозғалысқа қатысты маңызды бағыттарды да қамтиды. Атап айтсақ, этика, спортшылармен жұмыс, босқындардың олимпиадалық құрамын жасақтау мен үйлестіру, допингке қарсы саясат, Олимпиадалық арна.

Осы жолғы отырыста комиссия қызметінің жыл сайынғы есебі тыңдалып, алдағы уақытта атқарылатын маңызды бағыттар да талқыланды.

Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) қоғаммен байланыс, спорт арқылы әлеуметтік даму комиссиясы әлемнің көптеген елінен спорт саласына еңбегі сіңген 36 адамнан тұрады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті үстіміздегі жылдың сәуірінде осы комиссияның құрамына кірді. ХОК президенті Томас Бах және комиссия төрағасы, ХОК мүшесі Марио Песканте ҚР ҰОК басшысына арнайы құттықтау хатын жіберген болады.

Жарнама

Живи спортом!