Әлеуметтік желіде Қысқы Олимпиадаға қатысатын Қазақстан мен Қырғызстан құрамаларының сыртқы киімі талқыға түсуде, деп хабарлайды 24.kg.
Қырғызстанның Олимпиада комитетінде спортшылар мен делегаттарға қысқы киімді Қытайдың Tectop фирмасы тегін тігіп бергені жайлы жазылған. Аталмыш фирмамен қырғыз командасы 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
Суреттің астына "Салыстырып көріңіз" деген жазба қалдырылған.
Еске салайық, осыған дейін де қырғызстандықтарға Токио Олимпиадасына арналған спорттық киімдер көңілдерінен шықпаған болатын. Ол кездегі спорттық киімнің бір комплекті 95 мың сомға (487,2 мың теңге) бағаланған еді.
Бейжің-2022 Қысқы ойындарында қырғыз елінің намысын тау шаңғысымен айналысатын Максим Гордеев қорғайды. Жоспар бойынша ол 16 ақпан күні жарыс жолына шығады.