Олимпиада
11 желтоқсан 2019 16:08

Ресейлік боксшылар Олимпиадаға ел туынсыз барудан бас тартты

Ресей құрамасының боксшылары 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадаға елінің туынсыз барудан бас тартты. Бұл туралы Ресейдің бокс федерациясының бас төрағасы Умар Кремлев мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Біз үшін бастысы боксшыларымыздың туымыздың астында өнер көрсетіп, ән ұранымыздың шырқауы. Мұнсыз қатысудың мәнісі жоқ", - дейді Кремлев. 

Оның сөзінше, спортшылар сот арқылы өз туының астында өнер көрсету мүмкіндігіне қол жеткізбек. 

9 желтоқсанда Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (WADA) атқарушы комитеті Ресейді төрт жылға Олимпиада ойындарынан шеттету туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, Ресейлік допингке қарсы агенттікті (РУСАДА) сәйкестік дәрежесінен айырды. 

Ресей барлық спорт түрлері бойынша Олимпиада ойындарынан шеттелді

Ресей WADA шешіміне шағымданбақ. Ал ел президенті Владимир Путин бұл шешім Олимпиада хартиясына қайшы келетінін мәлімдеді.