Басылымның мәліметінше, Ресейдің Допингке қарсы агенттігі допинг ережелерін бұзып келген.
Мұның алдында 25 қарашада WADA Ресейді төрт жыл бойынша халықаралық жарыстарға қатысу құқығынан айыруға кеңес берген еді. Сондай-ақ, Ресейдің Олимпиада комитетінің басшылығына (атқарушы комиеттің барлық мүшелерін қосқанда) төрт жыл бойы Олимпиада ойындарын көруге және онда қатысуға тыйым салу ұсынылған болатын.
Енді WADA-ның бұл шешімі 21 күннен соң немесе Спорттық арбитраждық сот апелляцияны қараған соң ғана заңды күшіне енеді.
Еске салайық, 2015 жылдың қарашасында WADA Ресейді допинг ережелерін бұзды деп айыптаған болатын.