Словакиялық велошабандоз Петер Саган Олимпиада ойындарына бармайды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Үш дүркін әлем чемпионы тізе жарақатын асқындырып алған.
31 жастағы Саган "Тур де Франс" көпкүндігінің үшінші кезеңінде аустралиялық Калеб Юэнмен соқтығысып қалған. Дегенмен алған жарақатына қарамастан словакиялық спортшы жарысты жалғастыра берген. Алайда он екінші айналым алдында жарыстан шығып қалғанын мәлімдеген еді. Енді Словакия құрамасының намысын Лукаш Кубиш қорғайды.