Париж Олимпиадасын ұйымдастыру комитеті 2024 жылғы жазғы ойындардың бағдарламасын ұсынды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ұйымдастырушылар ХОК ұсынған мүмкіндікті пайдаланып, жалпы ойынды қызықты өткізу мақсатында қосымша спорт түрлерін енгізді. Нәтижесінде Париж Олимпиадасында брэйкинг (брэйк-данс), спорттық құзға өрмелеу, скэйтбординг пен серфингтен жүлделер ойнатылады.
Сонымен қатар, Франция астанасында Токио ойындарында болған үш спорт түрінен жарыстар өткізілмейді. Олар: каратэ, бейсбол мен софтбол. Бұл ойындар Олимпиада бағдарламасынан шығарылды.
2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтетін Париж Олимпиада ойындарында 32 спорт түрінен жүлде таратылады. Әлемнің 200-ден аса мемлекетінен келген спортшылар 306 жүлде жиынтығын сарапқа салады.