auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Паралимпиадада Қазақстанның туын көтеріп шығатын спортшы белгілі болды

Паралимпиадада Қазақстанның туын көтеріп шығатын спортшы белгілі болды
©:ҰОК
9-18 наурыз аралығында Пхенчханда қысқы Паралимпиада ойындары өтеді. Бұл жарысқа қазақстандық спортшылар да қатысады. Ашылу салтанатында еліміздің туын шаңғышы Қайрат Қанафин көтеріп шығады.

Қайрат Қанафин 1975 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында дүниеге келген. Шаңғы спортымен қатар, жеңіл атлетикамен де айналысады. 2011 жылы еліміздің спорт шебері атағына ие болған. 2012 жылы 1500 метрге жүгіру сайысында топ жарған. 1997 жылы студенттік жасақ құрамымен егіс алқабында жүргенде жарақат алып, жанарына зақым келген. Сочи Олимпиадасына қатысқан.

Паралимпиада ойындары (параолимпиада ойындары) — мүгедектер (естуі бойынша мүгедектерден басқа) үшін арналған халықаралық спорттық жарыс. Дәстүр бойынша басты Олимпиада ойындарынан кейін өткізіледі. 1992 жылдан бастап Олимпиада ойындары өткізілген қалада Паралимпиада ойындары да ұйымдастырылатын болды. 2001 жылы бұл ереже ХОК және Халықаралық паралимпиада комитеті (ХПК) арасындағы келісімшартпен бекітілді. Негізінен жазғы Паралимпиада ойындары 1960 жылдан, ал қысқы Паралимпиада ойындары 1976 жылдан бастап өткізіледі.

Пхенчхандағы қысқы Паралимпиада ойындарында тау шаңғы спорты, биатлон, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей, сноуборд және керлинг спорты бойынша жүлделер сарапқа салынады. Шамамен 670-ке жуық спортшы қатысады деп күтілуде.

ХІІ қысқы Паралимпиада ойындарына Қазақстаннан 6 спортшы қатысады. Бұл қысқы Паралимпиада ойындарындағы еліміздің атынан ең көп спортшылар бара жатқан аламан болмақ.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
23 маусым 2022, 13:27
Олимпиада
©oir.mobi 23 маусым Халықаралық Олимпиада күні

Жарнама

Жарнама