Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының ширек финалына өткеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz Токиодан.
1/8 финалда Рыбакина Хорватиялық Донна Векичті екі партияда 7:6, 6:4 есебімен жеңді. Жартылай финалға жолдама үшін қазақстандық тенисші әлемнің тоғызыншы ракеткасы испаниялық Гарбинье Мугурусамен ойнайды.
- Бүгін ауыр ойын болды. Күн ұзақ өтті. Матчымды таңнан күттім, жауын кесірінен ойындар шегерілді, күту оңайға соққан жоқ. Өз ойыныма көңілім толмады. Басында көп қателік жібердім. Жалпылай бұл айналымнан да өтіп, жеңіске жеткеніме қуаныштымын.
- Келесі қарсылас - Мугуруса. Не күтесіз?
- Ойынның қиын болатынына сенімдімін. Ол жақсы ойыншы. Өзімді дайындаймын. Мен бұрын да Мугурусамен ойнағанмын. Не күтіп тұрғанын білемін. Не болатынын ертең көреміз.
Қоса кетейік, Рыбакина Мугурусамен маусымда Берлинде өткен турнирде ойнаған еді. Ол матчте испаниялық жеңіске жетті. Берлиндегі ойын теннисші қыздардың бірінші бетпе-бет кездесуі болатын.