auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Олимпиадаға баратын дзюдошылар тізімі жарияланды. Бапкер таңдауын түсіндірді

Олимпиадаға баратын дзюдошылар тізімі жарияланды. Бапкер таңдауын түсіндірді
Сурет: olympic.kz

Дзюдодан Қазақстан ерлер ұлттық құрама командасының бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев Токио Олимпиадасына қатысатын спортшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz.

"Дзюдодан Токио Олимпиадасына баратын құрам бүгінде белгілі. Осыған дейін айтқанымыздай, Олимпиада ойындарына Олимпиадалық рейтингте жоғары орында тұрған спортшы барады. Қазіргі таңда Қазақстан ерлер құрамасының 7 спортшысы рейтингте тиісті ұпайды жинады. Алайда әр салмақтан бір спортшы ғана қатыса алатындықтан біз алдыңғы қатарда тұрған спортшыға мүмкіндік бергенді құп көрдік.

Әлем чемпионатына дейін ұлттық құраманың бапкерлері ақылдасып, 60 келіде Ғұсман Қырғызбаевты әлем біріншілігіне, ал Елдос Сметовты Олимпиада ойындарына дайындағанды жөн санадық. Екі спортшымызды екі маңызды жарысқа арнайы дайындадық. Ғұсман Қырғызбаев Будапештте үмітімізді ақтап, әлем чемпионатының күміс жүлесіне ие болды.

Ал 66 келіде Елдос Жұмақанов пен Ерлан Серікжановтың арасындағы бәсеке өте тартысты жүрді. Бес жылға созылған олимпиадалық циклде екі дзюдошыға бірдей мүмкіндік беріліп, әлемдік жарыстарға қатар шықты. Әлем чемпионатының алдында дәл осы салмақ бойынша да бапкерлермен ақылдасып, Токиоға баратын спортшыны әлем чемпионатынан кейін белгілі болады деп тарқасқанбыз. Өздеріңіз көргендей, Елдос Жұмақанов әлем біріншілігінің жартылай финалына дейін жетіп, жарыста бесінші болды. Жүлдегерлер қатарынан көрінгенде, сөзсіз, Елдос олимпиадалық рейтингте алдыңғы қатарға шығатын еді. Алайда, жарақатына байланысты ол жартылай финалда тоқтады.

Қазіргі таңда 66 келіде Ерлан Серікжанов рейтингте жоғары тұр. Сондықтан осы салмақ бойынша Ерлан Серікжанов Токио Олимпиадасында ел намысын қорғайды.

Ал қалған салмақтар бойынша рейтингте тиісті ұпай еншілеген балуандар Токиоға аттанады.

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жансай Смағұлов, 90 келіде Ислам Бозбаев Олимпиада ойындарына қатысады. 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дидар Хамза құрлықтық квотаға ие болды.

Осылайша, Токио Олимпиадасына ерлер құрамасынан жалпы саны бес дзюдошы қатысады. Олар: Елдос Сметов (60 кг), Ерлан Серікжанов (66 кг), Жансай Смағұлов (73 кг), Дидар Хамза (81 кг) және Ислам Бозбаев (90 кг)", - дейді дзюдодан Қазақстан ерлер ұлттық құрама командасының бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
23 маусым 2022, 13:27
Олимпиада
©oir.mobi 23 маусым Халықаралық Олимпиада күні

Жарнама

Жарнама