Мексика 2036 жылғы жазғы Олимпиаданы қабылдауға ресми түрде үміткерлердің қатарына қосылды, деп жазады "Чемпионат" порталы.
"Біз өзімізді табысты әрі мықты ел деп санаймыз. Біз футболдан әлем чемпионатын қабылдаған бірінші елміз. Экономикалық жағынан да әлемдегі мықты мемлекеттердің қатарындамыз", - деді бұл туралы Мексиканың сыртқы істер министрі Марсело Эбрарда.
Айта кетейік, бұған дейін Мексика 1968 жылы ХІХ Олимпиаданы қабылдаған болатын. Ал 1970 және 1986 жылы Мексика футболдан әлем чемпионатын өткізді. Енді 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада футболдан келесі әлем біріншілігі болады.