auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Мәңгі есімізде". Қазаға ұшыраған қазақстандық спортшылар

Олардың ішінде Олимпиада чемпиондары да бар.

"Мәңгі есімізде". Қазаға ұшыраған қазақстандық спортшылар
© tengrinews.kz
Қазақстан спортында үлкен жеңістер, биік белестер, таңғаларлық сенсациялармен қатар, орны толмас қазалар да болды. Өкінішті, бірақ Денис Тен қазақ елі айырылып қалған жалғыз қаһарман емес. 

Болашағынан үміт күттірген, мүмкіндік есіктері алдарынан енді ғана айқарыла бастағанда тағы бірнеше спортшы қаза болған еді. Оларға ортақ бір жай - бәрі күтпеген жерден қаза болды. 

Бекзат Саттарханов (1980 жылдың 4 сәуірі - 2000 жылдың 31 желтоқсаны)


Боксшы Бекзат Саттарханов қошамет шапалақтары басылмай жатып қаза болды. Қайғылы күннен үш ай ғанн бұрын 20 жастағы қазақ жігіті 2000 жылғы Олимпиаданың 57 келіге дейінгі салмақта жеңімпазы атанып, өз еліне алтын жүлде сыйлаған болатын.

Ол Қазақстан боксының болашағы зор, әлеуеті жоғары жас спортшылары арасында шоқтығы биік еді. Спортқа 15 жасында келіп, бес жылда ең биік шыңға көтерілген болатын. 

Өз мүмкіндігін толық көрсете алмай кетті. 2001 жылға 15 минут қалғанда Саттарханов Түркістан - Шымкент тасжолындағы жол апатынан көз жұмды. 

Андрей Кивилев (1973 жылдың 20 қыркүйегіа - 2003 жылдың 12 наурызы)


29 жасында Қазақстан велоспортының бір жұлдызы сөнді - "Тур де Франс" жарысында төртінші келе алған алғашқы қазақстандық. Спортшы жарыс кезінде алған жарақаттан көз жұмған. 

Атақты спортшы Cofidis командасымен "Париж - Ницца" жарысының келесі кезеңіне аттанған. Мәреге 40 шақырым қалғанда ол командалас польшалық Марек Руткеевич және германиялық Фолькером Ордовскиге қағылады. 

Кивелев ұшып кетіп, тасжолға басын ұрып алады. Есінен танып қалған спортшыны тікұшақпен Сент-Этьен орталығына жеткізеді. 2003 жылдың 12 наурызында спортшы есін жимастан көз жұмған. 

Осы оқиғадан кейін Халықаралық велосипедшілер одағы жарыс кезінде шлем киюге міндеттеді. 

Ермек Серіков (1989 жыл 10 маусым - 2009 жыл 11 тамыз)


Саттархановтың қазасынан кейін тоғыз жыл өте Қазақстан боксын тағы бір қайғы қаусатты. 2009 жылы Геннадий Головкиннің досы, 20 жастағы Ермек Серіков қаза болады. 

Азияның үш дүркін чемпионының оқиғасы Денис Тендікіне ұқсас. Кәсіпқой боксқа ауыспақ болған спортшы Шахтинск қаласындағы жанармай құю станциясында Владимир Шепинмен жанжалдасып қалады.

Төбелестен кейін Шепин көліктен аңшы мылтығын алып шығады да, атқан оғы Серіковтың жамбасына тиеді. Оқ тамырды жарып, спортшы келесі күні көп қан жоғалтқандықтан ауруханада көз жұмады. Бұл 2009 жылдың 11 тамызында болған қайғылы жағдай. 

Шепин 2012 жылы жеті жарым жылға сотталады. Алайда бір жыл өтпей, жүрегі тоқтап қайтыс болады. 

Игорь Нанаев (1993 жылдың 28 наурызы - 2016 жылыдң 10 қазаны)


2016 жылы қазанның 2-нен 3-не қараған түні Петропавлдағы "Парк-Сити" түнгі клубының маңында баскетболшы Игорь Нанаев соққыға жығылады. Жергілікті ауруханаға оны аса ауыр жағдайда жеткізеді. 

10 қазанға дейін комада жатқан спортшы, аса ауыр жарақаттардан көз жұмады.

Спортшының өліміне қатысты бес адам сотталды - Динаш Қайбаров, Бауыржан Мақатов, Жанбатыр Әскеров, Олжас Еламан, Әділ Меңдібаев

2016 жылы жас спортшы "Барыс" баскетбол клубына қабылданып, Жоғарғы лигада өнер көрсету керек болатын. 

Айта кетейік, ауыратлет Илья Ильин мен футболшы Дмитрий Бяков та жарақат алып, өлім аузынан қалған еді. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар