Қысқы Олимпиадаға қатысатын отандастарымыз дайындығын жалғастыруда

©olympic

Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті Қазақстанның дипломатиялық өкілдеріне, сондай-ақ олардың шетелдегі әріптестеріне қазақстандық спортшыларға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі Оlympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты шектеулер Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бэк-офисінің қызметіне, сондай-ақ елдегі спортшылардың оқу-жаттығу жиындарына әсер етті. Қазақстанда 19 қаңтарға дейін барлық бұқаралық және спорттық іс-шаралар тоқтатылды.

ҰОК жанынан құрылған арнайы жағдайлық штаб ұлттық федерациялармен байланыста болып, спортшылардың қауіпсіздігін үнемі бақылауда ұстады.

Шетелде жүрген спортшылар оқу-жаттығуларын және шетелдік турнирлерге қатысуын жоспар бойынша жалғастыруда, оның ішінде Бейжің-2022 Олимпиадасына дайындық та кіреді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар
23 маусым 2022, 13:27
Олимпиада
23 маусым Халықаралық Олимпиада күні