ҚР Президенті Бейжің-2022 Олимпиадасының ашылуына шақырту алды

©Ақорда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңде өтетін XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысуға шақыру алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

"Қазақстан Президенті ҚХР Үкіметінің Еуразия елдеріне қатысты істер жөніндегі арнаулы өкілі Ли Хуэйді қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайтудың перспективалары талқыланды. 

Қытайлық дипломат Қазақстан Президентіне келесі жылы Бейжіңде өтетін XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысуға шақыруын табыстады", - делінген ресми сайтта.

Еске салайық, Қытай астанасы Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында өтеді. Спорттың 7 түрінен 15 дисциплина бойынша 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Болжам бойынша Ақ ойындарға әлемнің 95 елінен 4000 аса спортшы қатысады.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар
23 маусым 2022, 13:27
Олимпиада
23 маусым Халықаралық Олимпиада күні