Олимпиада-2020
30 маусым 2021 13:28

Қоржынға Олимпиаданың төрт жолдамасы түсті

сурет: sport-legion

Қазақстандық жеңіл атлеттер Токиода өтетін Олимпиада ойындарына тағы төрт лицензия жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының (әлемдік жеңіл атлетика) әлемдік рейтингіне сәйкес қазақстандық екі спортшы жолдамаға ие болса, төртінші жолдаманы Қазақстанда өткен жарыс нәтижесі бойынша иелік етті.

Айта кетерлігі, World Athletics тарапынан Олимпиада жолдамалары бүгін ғана расталды.

Осылайша, Ольга Сафронова, Михаил Литвин және Ирина Эктова #teamKZ қоржынын жолдамамен толықтырды.

Ольга Сафронова әйелдер арасында 100 және 200 метр қашықтықта жарысқа лицензия жеңіп алды.

Михаил Литвин ерлер арасында 400 метрге жүгіруден Қазақстанның намысын қорғайды.

Ирина Эктова Алматыда өткен жарыстағы нәтижесі бойынша үш қарғып секіруден Олимпиадаға қатысады.

Айта кетерлігі, жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының қоржынында бұған дейін жеті жолдама болды. Оларды Ольга Рыпакова (үш қарғып секіру), Григорий Шейко (спорттық жүріс), Айман Ратова (спорттық жүріс) және Жанна Мамажанова (марафон), Мария Овчинникова (үш қарғып секіру), Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру), Кристина Овчинникова (биіктікке секіру) жеңіп алған болатын.