Олимпиада-2020
17 қазан 2018 08:10
 
418

Қазақстанның үш боксшысы жастар Олимпиадасының финалына шықты

  Пікірлер

blog.share

Қазақстанның үш боксшысы жастар Олимпиадасының финалына шықты Айбек Оралбай (сол жақта). Сурет ҚР ҰОК. Сәли Сабыров©

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Буэнос-Айресте өтіп жатқан жастар арасындағы 2018 жылғы Олимпиаданың финалына өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

91 келіге дейін салмақта өткен жартылай финалда Оралбай төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен пуэрто-риколық боксшы Алвин Каналесті жеңді. 

Айта кетейік, 18 жастағы Оралбай биыл жастар арасында Азия чемпионы атанған, әл Әлем чемпионатының финалына дейін жеткен. 

Мұның алдында, жастар арасындағы Олимпиаданың финалына қазақстандық аса ауыр салмақта жұдырықтасатын Дамир Тойбай және қарсыласын нокаутқа түсірген Талғат Шәйкен де шықты. Ал 75 келіге дейін жұдырықтасатын Надежда Рябец қола жүлде үшін күш сынайтын болады. 

Жарнама

Живи спортом!