Қазақстандық тағы екі каратеші Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

Сурет: olympic.kz

Халықаралық карате федерациясы (WKF) Олимпиадалық рейтинг бойынша Токио ойындарына жолдама алған спортшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Халықаралық карате федерациясы мәліметінше, құрлықтық жарыста мықты болған Софья Берульцева (+75 келі) мен Данияр Юлдашев (+61 келі) Қазақстан қоржынына қос жолдаманы алып келді.

Осылайша, Қазақстан құрамасында Токио Олимпиадасына бес жолдама бар. Осыған дейін Дархан Асаділов рейтингте қарсыласынан 1000 ұпай алда болғандықтан мерзімінен бұрын Олимпиада лицензиясын иеленді. Ал Мөлдір Жаңбырбай (50 келі) мен Нұрқанат Әжіқанов (75 келі) Парижде өткен лицензиялық жарыста жеңіске жеткен еді.

Еске салайық, каратэ Олимпиада ойындарының бағдарламасына алғаш рет ұсынылған. Каратэ бойынша жарыс 6-8-тамыз аралығында өтеді. Токио Олимпиадасына барлығы 82 каратэші (40 әйел және 42 ер адам)  қатысады. Оның ішінде 61 кумитэден және 21 ката бойынша бақ сынайды. Каратэ бойынша Олимпиада ойындарына барлығы 34 елден спортшылар келмек.

Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында 26 спорт түрінен 72 жолдама бар.

Метки:
Жаңалықтар
23 маусым 2022, 13:27
Олимпиада
23 маусым Халықаралық Олимпиада күні