auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 705 18 999 35
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстандық спортшылардың қысқы Олимпиададағы киім үлгісі қандай болады?

Қазақстандық спортшылардың қысқы Олимпиададағы киім үлгісі қандай болады?
Vesti.kz
Бүгін Астана қаласында Пхенчханда өтетін ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын ұлттық құраманың киім үлгісі таныстырылды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қазақстандық спортшылардың спорттық киім үлгісін Жапонияның Mizuno компаниясы шығарған. Кез келген ауа райында спортшыларға ыңғайлы болуы үшін  Breath Termo технологиясы пайдаланылған. Көк түсті спорттық киім үлгілері ұлттық ою-өрнектермен де нақышталған.



Пхенчхандағы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасының туын шорт-трекші Абзал Әжғалиев көтеріп шығады.

Айта кетейік, Оңтүстік Корея жеріндегі қысқы Олимпиада ойындарына (9-25 ақпан аралығы) әлемнің 80-нен астам елінен 5000-ға жуық спортшы мен ресми тұлға қатысады деп жоспарланған. 15 спорттық сайыс түрі бойынша 98 медаль жиынтығы сарапқа салынатын болады.

Қазақстандық спорт делегациясы Пхенчхандағы додаға 9 спорт түрінен қатысуды жоспарлап отыр. Атап айтар болсақ, биатлон, мәнерлеп сырғанау, тау шаңғы спорты, шорт-трек, конькимен жүгіру спорты, шана спорты, шаңғы жарысы, шаңғымен трамплиннен секіру, фристайл (акробатика, могул) секілді спорт түрлерінен отандастарымыз бақ сынайтын болады.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде 33 жолдама бар. Қазақстандық спортшылар биатлон, коньки спорты және шорт-тректен 10 жолдамадан иеленсе, мәнерлеп сырғанаудан 3 жолдама бар. Жоспар бойынша жолдамалар санын 50-ден асыру баса назарға алынуда.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:

Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама