auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстандық спортшылар жасөспірімдер арасындағы Олимпиадаға қатысады

Қазақстандық спортшылар жасөспірімдер арасындағы Олимпиадаға қатысады
©insidethegames.biz

Отандық жас спортшылар келесі жылдың 19 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Каннын қаласында жалауы желбірейтін IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында бақ сынайды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады. 

Байрақты бәсеке алдында туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев отандық делегацияның және Олимпиадаға қатысатын спортшылардың дайындығы бойынша кеңейтілген отырыс өткізді.

"Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын ұлттық құрама командамыз сапалы дайындалып, нәтижелі өнер көрсетуі үшін биылғы жылы шешуді талап ететін бірқатар ұйымдастыру мәселелері бар. Осыған байланысты, барлық сұрақты жан-жақты талқылап, уақытылы шешу үшін барлығымыз бас қосып отырмыз. Бұл Ойындар еліміз үшін маңызды іс-шаралардың бірі. Өйткені қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы ұлттық құрама команданың болашақта ізін басатын спортшыларымыздың әлеуетін көрсетеді", - деп атап өтті министр.

Сондай-ақ, жиын барысында Ермек Маржықпаев Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне Ұлттық олимпиада комитеті, Спортты дамыту дирекциясы және Олимпиадалық дайындық орталығымен тізе қосып, бірқатар мәселені шешуді тапсырды. Атап айтқанда, Ойындарға қатысатын спорттық делегацияның сапалы құрамын қалыптастыру, ұйымдастыру комитетінің талаптарына сәйкес спорттық жүктеменің тізбесін пысықтау, делегация мүшелерін жабдықтау кестесін бекіту, спортшылардың дайындық барысы мен ту ұстаушыларды бекіту және тағы басқа маңызды мәселелер.

Канвондодағы IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қоржынында әзірге спорттың 5 түрінен (биатлон, конькимен жүгіру, шорт-трек, керлинг, шайбалы хоккей) 17 жолдама бар. Ал жалпы Олимпиадаға жер-жаһанның 70 елінен келетін 1 800 (950 ұл, 950 қыз) спортшы қатысады деп күтілуде. Спорттың 7 түрінен 15 дисциплина бойынша 81 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Айта кетейік, IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты 2024 жылдың 19 қаңтарында Каннындағы «Gangneuung Oval» спорт кешенінде өтсе, Ойындардың жабылу салтанаты 2024 жылдың 1 ақпанында «Gangneung Olympic Park» спорт кешенінде ұйымдастырылады деп жоспарланған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
23 маусым 2022, 13:27
Олимпиада
©oir.mobi 23 маусым Халықаралық Олимпиада күні

Жарнама

Жарнама